Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды paryz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл аясында 8 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді. Нәтижесінде 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
Оның ішінде: 11,1 кг апиын; 14,2 кг гашиш; 404,6 кг марихуана; 320,6 кг сора бұталары; 18,4 кг синтетикалық есірткі; 525 кг синтетикалық опиоид бар. Сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасы және 2,6 тонна прекурсор тәркіленді.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.