24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады. Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы қолайлы +15+25°С-қа дейін жоғарылайды.
Астанада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Ауа температурасы түнде −1...+1°C, күндіз +2...+4°C болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Алматыда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады.
Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +17...+19°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі.
Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +12...+14°C болады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.