Прямая трансляция

Астана

Астана

23.8°C

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады

Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі туралы” заңына енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жол ережесін өрескел бұзғандар қайта емтихан тапсырады
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енгізілген өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

-  Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске  салды.
Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтеміз.
-  Жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты.
Заңда көзделген жағдайларда жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Мысалы, жол қиылысынан өтукезінде апаттық жағдай туғызу, белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу сияқты өрескел құқық бұзушылықтар. Бұл талап барлық жүргізушіге емес, тек заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қолданылады.  Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады.
-  Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
  Енді қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды.