Прямая трансляция

Астана

Астана

25.75°C

Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов бүгін бостандыққа шықты. Бұған дейін сот оған рақымшылық туралы заңды қолданып, жазасының өтелмеген бөлігін үштен біріне қысқартқан, деп хабарлайды paryz.kz.

Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты
Фото: видиодан скриншот

Алғашқы үкімге сәйкес, Байжанов 2026 жылдың қараша айында босатылуы тиіс еді. Алайда Степногорск қалалық сотының жаңа қаулысына сәйкес, ол бүгін мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылды.

Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе қылмысты жасырды деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.