Прямой эфир
Астана
25.77°C
Павлодарда екі баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Әйел 8 және 1 жастағы балаларын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген.
"Әйелдің психикалық жағдайы нашарлаған. Балалардың бірі көз жұмды, екіншісі ауыр дене жарақатын алды", - дейді сот.
Сотталушының қоғамға қауіпті екені айғақтармен дәлелденген. Прокурор сотталушыға қатысты психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараны қолдануға өтініш білдірді.
"Сотталушы өзінің іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтын және созылмалы психикалық аурудың салдарынан оларды басқара алмайтын адам ретінде танылды", - деп жазылған сот хабарламасында.
Әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Бірақ қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара қолданылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.