Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ипотеканы 20 процентке дейін төмендету шарасы не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін агенттік ипотекалық қарыздың мөлшерлемесін 26-дан 20 процентке дейін төмендетуге шешім шығарған болатын. Оны барлық банк орындауға міндетті.
"Бірақ осы қазан айында Ұлттық банк базалық ставканы 18 пайызға дейін көтерді. Сол себепті банктердің көбісі ипотекалық кредит беруді тоқтатқан болатын. Осыған байланысты біз ипотеканың мөлшерлемесін 20 пайызға дейін төмендету нормасын 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін шегердік", - деді Әбілқасымова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оған дейін агенттік Ұлттық банкпен бірге ипотекалық қарыздың мөлшерлемесін белгілеудің жаңа әдістемесін әзірлейді.