Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлады. Paryz.kz.
                        "Бүгін, 3 қарашада сағат 16:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ауа райы қалыпты болса, жылдамдық режимі бүгін сағат 21:00-де қайта қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты қабылданған шара, дейді компаниядағылар.