Атырау облысында 7 жасар қызды зорлап, өзенге батырып өлтірген ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Қылмыс 2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында болған.
Сот мәліметінше, 7 жастағы қыз Курсай өзенінің жағасында серуендеп жүргеннен кейін үйіне қайтып бара жатқан кезде адасып, мас күйдегі жергілікті тұрғынды кездестірген. Бейтаныс ер адам баланы алдап, «үйіңе дейін апарып салам» деп өзімен бірге ертіп кеткен. Ол қызды алдап өзен жағасына апарып, баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып зорлаған. Кейін істеген қылмысын жасыру мақсатында баланы ұрып-соғып, өзенге батырып жіберген, – делінген сотта айтылған сұмдық деректе.