Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін

Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды көздеп отыр.

Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін
фото: unplash

Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жариялады.

"Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салу көзделген", - делінген құжатта. 

Бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан арқылы одаққа мүше басқа мемлекетке тасымалдануына қатысты емес. Министрлік бұл тыйымның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау екенін хабарлады.