Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбылда 24 миллион теңгенің малын қолды қылғандар сотталды

Жамбыл облысында 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ басшысы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбылда 24 миллион теңгенің малын қолды қылғандар сотталды
фото: Sputniknews

Талас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғындарының шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен. Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өңірде мал ұрлығын кәсіп еткен топтың әрекетін әшкереледі.

"Талас пен Мойынқұм аудандарының бес тұрғыны былтырғы жылдың ақпанынан бастап бір жылдан астам уақыт бойы жайылымдардан 38 бас түйе, 16 бас жылқы және 1 бас сиырды заңсыз иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын 24 млн 550 мың теңге", - дейді ведомство. 

Тергеу барысында ұрланған малдың басым бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды. Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үш сыбайласына 3 жылдан шартты түрде, ал тағы біреуіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.