Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген күдікті Грузиядан экстрадицияланды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Фото: видиодан скриншот

Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге жеткізілді.

"Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында бола отырып, 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталды. Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 млрд теңгеден астам қаражат тартылған", - дейді Бас прокуратура.

Сыбайлас қатысушылардың бірқатары бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы ақпан айында ол Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.