Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

"Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!": Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

"Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!": Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, командалық есепте медальдарды санау кезінде техникалық сәйкессіздік анықталған. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын жеке-жеке есептеу туралы шешім қабылдаған. Осылайша, жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан бірінші орынға ие болды.

Командалық есепте медальдарды санау кезінде тек бір техникалық сәйкессіздік орын алды. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын жеке-жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынға шықты. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз! – деді Аскат Алагозов.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорт мерекесі ретінде аяқталғанын атап өтті.

Әсіресе көкпар мен ер ұлақ бәсекелері тартысты өткен.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, спорттық бәсекелестіктің тек жарыс алаңында қалатынын дәлелдеді.

Сонымен қатар екі елдің жанкүйерлері арасында ешқандай келіспеушілік болмаған. Бұл ойындардың басты жеңісі – жарыстарды өзара құрмет пен әділ бәсекелестік рухында өткізіп, бауырлас халықтардың бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте көрсете алғанымыз, – деді Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 

Аскат Алагозов Қырғызстан спортшыларының да бұл ойындарда лайықты өнер көрсетіп, өздерінің күш-жігері мен шеберлігін танытқанын атап өтті. 

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталғаннан кейін Қырғызстанда медальдық есептің жеңімпазына қатысты дау туындаған болатын. Қырғызстан мен Қазақстан әртүрлі қорытынды нәтижелер ұсынып, екі ел де өзін бірінші орынға қойған. Осы келіспеушіліктер аясында ұйымдастырушылар жариялаған жалпы есеп кестесі қосымша тексеру жүргізу үшін уақытша алынып тасталды.