Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді.
Қазақстан биыл аталған қорға төрағалық етуін аяқтайды.
Кездесуде су шаруашылығы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, Қор қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ биылғы 22 сәуірде Астанада өтетін ХАҚҚ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық мәселелері қаралды.