Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағандылық фермер 17 жылқыны атып тастады

28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандылық фермер 17 жылқыны атып тастады
фото: видеодан скриншот

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер көлікпен жылқыларды қуып жүріп, оларға оқ атқан. Жылқыларды қырып салған күдікті жердің иесі екені анықталды.

Басқа адамның мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Нұра ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.