Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда жәрдемақыны кімдер алатынын енді жасанды интеллект шешеді

Еңбек министрлігі болашақта Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті  түрде тағайындау кезінде жасанды интеллектіні қолданбақ, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қазақстанда жәрдемақыны кімдер алатынын енді жасанды интеллект шешеді
Фото: freepik.com

Министрлік бұл жоспары туралы ресми сайтында жазған.

«Қазір біз жасанды интеллектіні Random Forest Classifier моделінің көмегімен «оқытып» жатырмыз. Бұл – тағайындау кезінде шешім қабылдауға әсер ететін көптеген факторларды біріктіру арқылы неғұрлым дәл және тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Осылайша, АӘК алуға құқығы бар адамдар автоматты түрде анықталады», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Дереккөзге сүйенсек, қазір жүйе валидациядан өткен және оның дәлдігі 90% болған.

«Бұл жүйені енгізуге дайын екенін көрсетеді. Әуел баста бұл технология АӘК-ке жаңа өтінімдерді қарау үшін пилоттық режимде іске қосылады. Пилоттық кезең барысында ЖИ моделінің шешімдеріне қатысты статистика жиналады», – деп хабарлаған министрлік.