Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Нүкте қою керек!»: Бектенов кейбір жәрдемақыларды алып тастауға тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастауды тапсырды, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Нүкте қою керек!»: Бектенов кейбір жәрдемақыларды алып тастауға тапсырма берді
Sputnik.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында президент жолдауы кезінде берілген тапсырмалар қаралды.

Соның ішінде әлеуметтік төлемдер мәселесі де бар. Премьер-министр алдымен 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.

“Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастау қажет. Болды. Осы мәселеде нүкте қою керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдайтын боламыз. Үкіметтің міндеті - барлығына бірдей жағдай жасау. Ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек. Мемлекет басшысы дәл осы мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр”, - деді Бектенов.

Осы орайда премьер цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін ерекше атап өтті. Биыл 1 қарашаға дейін әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасы енгізілуі шарт. Ал Әлеуметтік кодексте әлеуметтік аудит тетіктері бекітіледі.