Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Адамдарды курьерлік жұмысқа тартып, есірткі сатуға мәжбүрлеген екі азамат шетелде ұсталды

Ішкі істер министрлігінің интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Адамдарды курьерлік жұмысқа тартып, есірткі сатуға мәжбүрлеген екі азамат шетелде ұсталды
Sputnik.kz

Олар есірткі және психотроптық заттарды сату, тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу, лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

"2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарын сатқан. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартқан", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.