Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қостанайда ауруханада көз жұмған перзенті үшін анасы 40 млн теңге талап етіп отыр

Қостанай сотында азаматтық іс қаралап жатыр. Жергілікті әйел ауруханада көз жұмған сәбиі үшін 40 млн теңге моральдық шығын өтеуді талап етіп отыр. 

Қостанайда ауруханада көз жұмған перзенті үшін анасы 40 млн теңге талап етіп отыр
Фото: freepik.com

Қайғылы жағдай 2024 жылдың шілдесінде болған. Үш жастағы бала магнит шариктерді жұтып қойып, Қостанай қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың денесінен операция арқылы 7 бөгде затты алып тастаған.

Ал қалғандары мамандардың сөзінше, табиғи жолмен шығуы керек болатын. Кейінірек магниттер ешқайда жылжымағаны анықталған. Осыған байланысты балаға қайта операция жасалған. Бұл кезде баланың асқазанына зақым келген. Операция жасалып, магниттің алынып тасталғанынан қарамастан сәбидің жүрегі тоқтап қалған.

Осы оқиғағаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ қосымша сараптама тағайындалды.

Отбасының адвокаты Дамир Хамитовтың айтуынша, баланың анасы Қостанай қалалық сотына шағым түсіріп, 3 млн теңге материалдық, 40 млн теңге моральдық шығынды өтеуді талап етіп отыр. Облыстық сот өкілдері азаматтық іс қаралып жатқанын, тыңдаулар болатынын растаған.