Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатына өтетін шаралар

Қазақстан Республикасы сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап, бұл бағытта кешенді шараларды жүзеге асыруда. Соның ішінде әсіресе мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатын көздейтін шараларға айрықша маңыз беріліп келеді, деп хабарлайды paryz.kz

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатына өтетін шаралар
фото: paryz.kz

Себебі бұл - қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын орнықтырудың маңызды құралы. Бүгін біз мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы сөз етпекпіз.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығыҚоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңызды бағыттары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлін арттыруды және мемлекеттік сатып алу процестерін ашық жүргізуді тапсырған.

Мәселен осы мақсатта Қоғамдық кеңестер құрылғанын атап өту керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңесте қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірлейді.

Сенім телефондары және шағымдар журналдары

Мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдау үшін арнайы стендтер мен байланыс нөмірлері орнатылған.

Алдын алу шаралары және тәуекелдерді талдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында мониторинг пен талдау жүргізіледі. Бұл шаралар мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды азайтуға бағытталған. Мысалы, мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандыру және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу процестерін қайта қарау тапсырылған.

Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (2003) қосылып, халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуда. Халықаралық тәжірибені енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік практикаларды қолдану қоғамдық сананы өзгертуге ықпал етеді.

Жас мамандарды тәрбиелеу және патриоттық рух

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруда жастармен жұмыс істеу ерекше маңызға ие. Жас ұрпақты бала кезінен адалдық, әділдік және патриоттық рухта тәрбиелеу – ұзақ мерзімді нәтиже беретін стратегия болып отыр.

Соынмен қатар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру шаралары заңнамалық, ағартушылық, қоғамдық және халықаралық бағыттарды қамтиды. Бұл шаралардың тиімділігі мемлекет, қоғам және азаматтық сектордың бірлескен күш-жігеріне байланысты. Жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау, ашықтық пен қоғамдық бақылауды арттыру арқылы Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам құруға ұмтылуда. Бұл мақсатқа жету үшін әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымын қалыптастыруы маңызды.