Бүгін, 25 шілде күні сағат 15:00-де Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның үкімі шығады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұны Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ал жуырдағы жарыссөз кезінде прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға соттауды сұрады.
Оның айтуынша, Перизат Қайрат ірі алаяқтықты елдегі төтенше жағдай кезінде жасаған. Дәл осы факт оның қылмысын ауырлататын мән-жай болып саналады. Ал, жазасын жеңілдететін мән-жайлар жоқ дейді прокурор.