Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Перизат Қайраттың соты жабық режимде өтетін болды

Бүгінгі сот отырысында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты істі қарау уақытша жабық режимге көшірілетіні жарияланды. Бұл шешім сот отырысы барысында қабылданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Перизат Қайраттың соты жабық режимде өтетін болды
фото: әлеуметтік желіден

Отырыс БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жалғасуда. Одан кейінгі формат туралы шешімді судья Каримов жариялайтын болады.

«Залда тек қана процеске қатысушылар қалады. Жазбаны өшіріңіздер. Сот отырысының залынан онлайн трансляцияға қосылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздер ажыратылатын боласыздар. Сот жабық сот отырысына көшеді», — деді төрағалық етуші судья Каримов.