Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы әуежайында бойжеткенді тұтқынға алған ер адам 11 жылға сотталды

Алматы қалалық сотында әуежайда тұтқын алу фактісі бойынша айыпталған Машрапбек Баратовқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматы әуежайында бойжеткенді тұтқынға алған ер адам 11 жылға сотталды
фото: видеодан скриншот

Сот процесін жүргізген судья оның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеп, Машрапбек Баратовты Түрксіб аудандық соты 10 жыл 6 айға соттап, бұрынғы үкімді қоса есептеп, жалпы 11 жыл бас бостандығынан айырды.

«Сот барлық ұсынылған дәлелдерді қарап, айыпталушының шын көңілден өкінуін ескерсе де, оның әрекетінің қоғамға және адамдар өміріне төндірген қатерін негізге ала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді судья. 

Сот мәліметінше, Машрапбек Баратовтың әрекеті көптеген адамдардың, оның ішінде балалардың өміріне нақты қауіп төндірген.

Сондай-ақ, сот отырысы кезінде жәбірленушінің эмоционалдық жағдайы ерекше назарға алынды.

Судьяның айтуынша, жәбірленуші арада біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін психологиялық күйзелістен толық айықпаған және сотта көз жасын тыя алмаған.