Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Ұлын шешесінің көзінше өлтірген ер адамға үкім шықты

Қостанайда 16 жастағы Данияр Нұрғалиевті өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ұлын шешесінің көзінше өлтірген ер адамға үкім шықты
Фото: istockphoto.com

«2025 жылғы 9 қаңтарда Қостанай қаласының бұрын сотталған тұрғыны мас күйінде, өзінің азаматтық жұбайымен жанжалдасқаннан кейін, оған ерекше азап пен моральдық ауыртпалық келтіру мақсатында, оның кәмелетке толмаған, 2008 жылғы туған ұлын ерекше қатыгездікпен өлтірді», – делінген сот хабарламасында.

Сотталушы тұрмыстық заттарды қолданып, залда ұйықтап жатқан жәбірленушінің денесінің түрлі бөліктеріне кезекпен соққы жасаған, кейін оны тұншықтырып өлтірген. Бала оқиға орнында көз жұмды. 

Сонымен қатар, балаға араша түспек болған анасын сотталушы қолымен және аяғымен беті мен басынан ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушы сотта кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірген.

Сот оған ерекше қауіпсіздік мекемесінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, оның алғашқы 5 жылы қатаң қауіпсіздік мекемесінде өтеледі. Сондай-ақ алкоголизмнен мәжбүрлі ем қабылдау белгіленді.