Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

«Түрмеде ұстауға болады»: Сәденов Мәсімовтің денсаулығы жайлы айтты

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Түрмеде ұстауға болады»: Сәденов Мәсімовтің денсаулығы жайлы айтты
фото: Sputniknews

Сәденовтың айтуынша, ҰҚК экс-басшысының денсаулық жағдайы қалыпты.

"Оның жағдайы қалыпты, жазасын өтеп жүр. Қалыпты деп тұрғаным, түрмеде ұстауға болады", - деді министр журналистерге берген сұхбатында. 

Оның сөзіне қарағанда, Мәсімов түрмеде жұмыс істемейді. Бірақ күн тәртібі бойынша атқаратын міндеттері бар. "Тәртіп бойынша кезекші болуы мүмкін, бөлмені сыпыруы мүмкін", - деп атап өтті Сәденов.

Министр оның қай түрмеде отырғанын айтпады. "Айтуға болмайды", - деп қысқа ғана қайырды.