Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Соңғы он жылда Қазақстанда тек екі ғана препарат шығарылған

Мәжілісте соңғы он жылда Қазақстанда шығарылған екі отандық препараттың атауы жарияланды. Оған 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Соңғы он жылда Қазақстанда тек екі ғана препарат шығарылған
© AP Photo / Jean-Francois Badias

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінде медицина ғылымына қыруар қаржы бөлінсе де, ғылыми зерттеулердің нәтижелері өте төмен.

“Соңғы он жылда елімізде небәрі екі түпнұсқа отандық препарат тіркелген. 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғанына қарамастан, олардың біреуі де ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген”, — деді Смайылов мәжілістің бүгінгі отырысында. 

Ал депутат Асхат Аймағамбетов сол препараттардың атауын жариялады.

 “QazVac-тан басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы он жылда тек екі препарат шығарылған. Оның бірі - йод, сондай-ақ, калий йодиді. Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалса да, тіпті, формулярға да енгізбеген, яғни, қолданылмайды”, - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетері, 2022-2024 жылдары Қазақстанда медицина ғылымын қаржыландыруға 58 млрд теңге жұмсалған болатын.