Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, елімізде тағы 6 кәсіби мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Paryz.kz.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 12 маусымға дейін қоғам талқылауында болады. Бұйырық жобасында еліміздегі кәсіптік мерекелер тізбесіне алты жаңа кәсіптік мерекені енгізу ұсынылған:
31 қаңтар – кәсіпкерлер күні;
7 шілде – қолөнершілер күні;
9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Сондай-ақ құжатта Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертілетіні айтылған.