Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Астанада пәтер иесін ұрып-соққан 22 жастағы жігіт ұсталды

Астанада өзі жалға алған пәтердің иесіне күш қолданған 22 жастағы жігіт ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада пәтер иесін ұрып-соққан 22 жастағы жігіт ұсталды

Полицияның мәліметінше, жас жігіт жалға алған пәтерді келісілген мерзімде босатпаған. Осыған байланысты пәтер иесімен арада жанжал туындап, күдікті әйелді балағаттап, оған дене жарақатын салған.

«Күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Сонымен қатар ер адамға балағат сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот 30 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.