Прямая трансляция

Астана

Астана

22.66°C

Биыл түлектер мектебімен 23-24 мамыр күндері қоштасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептер биылғы оқу жылын қалай аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Биыл түлектер мектебімен 23-24 мамыр күндері қоштасады
Фото: Kazinform

Министрдің ақпаратынша, биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы, оның ішінде бастауыш сыныпты 391 мың, негізгі мектепті 364 мың бала тәмамдайды. 217 мың түлек мектеп бітіреді, олардың арасында «Алтын белгіге» үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5 пайызды құраған.

«Оқу жылын «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шараны 23-24 мамырда өткізу ұсынылды. Аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына белгіленді», - деді Бейсембаев Үкімет отырысында. 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр – 16 маусым аралығында өтеді.