Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пара алуға оқталды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Фото: Baq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Аталған баптар пара алуға оқталу әрекеті үшін жауапкершілікті көздейді.

ҰҚК істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын қоса хабарлады.