Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жасөспірімдерді қылмысқа итермелеген: елде ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше жүздеген адам тергеуге алынды

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер мен жастарды қылмыстық топтарға тарту бойынша Қазақстанда қанша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Жасөспірімдерді қылмысқа итермелеген: елде ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше жүздеген адам тергеуге алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 2026 жылы өңірлерде осындай 40-тан астам топ анықталды. Түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 100-ден астам адам ұсталды.

Одан бөлек полиция қызметкерлері мектептерде, колледждерде және басқа да білім беру ұйымдарында екі мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізді. Әсіресе бопсалаудың және қылмыстық идеологияның таралуының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.

"Оқушылар мен студенттерді бопсалаудан қорғау бағытында да жеке жұмыстар жүргізілуде. Кәмелетке толмағандарға қатысты осындай қылмыстар жасаған төрт топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Сонымен қатар полиция ұйымдасқан қылмыстық топтарға, оның ішінде жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартуға ұмтылатындарға қарсы күрес жүргізуде. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтардың 240-тан астам мүшесі жауапкершілікке тартылуда. Қабылданып жатқан шаралар қылмыстық қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге және жастарды қылмыстық ықпалдан қорғауға мүмкіндік береді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.