Прямая трансляция

Астана

Астана

9.41°C

Ермек Тұрсынов елден кетті: Антикор мәлімдеме жасады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі режиссер Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ермек Тұрсынов елден кетті: Антикор мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Онда БАҚ сұрауларына жауап ретінде қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Е.Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін хабарлады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматтың Facebook әлеуметтік желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз. 

Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы «Н» режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз. 

Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші «Alashfilm» ЖШС болып табылды, оның бұрынғы директоры «Т» азаматы болды. Бұдан әрі оның бұрын «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды. 

«Alashfilm» ЖШС бұрынғы директоры «Т» қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді. Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазіргі уақытта іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

- Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген хабарламада.