Биыл Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
2025 жылы Құрбан айт 6 маусымға – жұма күніне түсіп отыр. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 6, 7 және 8 маусым күндері (яғни жұма, сенбі, жексенбі күндері) демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін 7 маусым – сенбі күні жұмыс күні болады.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең маңызды діни мейрамдарының бірі. Қазақстанда бұл күн ресми түрде демалыс күні болып бекітілген. Мейрам бүкіл ел мұсылмандары тарапынан Ибраһим пайғамбардың құрбандық шалу оқиғасын еске алу мақсатында атап өтіледі.
Бұл күні айт намазы оқылып, кейін шариғат талаптарына сай құрбандыққа мал (көбіне қой) шалынады. Құрбандық еті үшке бөлінеді: бірі – отбасыға, бірі – туыстарға, үшіншісі – мұқтаж жандарға таратылады.
Бұл – мейірімділік, бірлік және жақындарға көмек көрсетудің белгісі. Сонымен қатар, осы күні туыстарды зиярат ету, зираттарды тазалау және қайырымдылық жасау – игі дәстүрге айналған.