Прямая трансляция

Астана

Астана

25.43°C

Құрбан айтта ел тұрғындары қанша күн демалады

Қазақстанда қасиетті Құрбан айт мейрамында қай күндері демалыс болатыны анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Құрбан айтта ел тұрғындары қанша күн демалады
Фото: istockphoto.com

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, яғни жұмаға сәйкес келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.