Қызылорда облысының Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуге қатысты міндеттеріне немқұрайлы қараған анаға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Кәмелет жасына толмаған баласы мотоцикл мініп, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған.
Сот қаулысымен баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.