Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жыл соңында мемлекеттік қызметкерлер сыйақы ала ма?

Қаржы министрі Мәди Тәкиев биыл мемлекеттік қызметкерлер қандай жағдайда сыйақа алатынын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Жыл соңында мемлекеттік қызметкерлер сыйақы ала ма?
Фото: paryz.kz

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін ведомство басшысына «Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл келе жатыр? Мемлекеттік қызмеркерлерге сыйақы (премия) беріле ме?» деген сұрақ қойылды.

Министр мемлекеттік органдар қаржыны үнемдесе, жылдың соңында артылған ақшаны қызметкерлерге сыйақы түрінде бере алатынын атап өтті. 

«Жалпы мемлекеттік мекеме бөлінген қаражат үнемдесе, (артылған ақшаны мемлекеттік қызметкерлерге) премия түрінде бөле алады. Оның мөлшерін әр орган өзі анықтайды», - деді Мәди Тәкиев.