Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Ербаян Мұхтардың анасы ұлына қойылған диагнозбен келіспейтінін айтты

Әскерде жүріп, бас жарақатын алған қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар 6 ай комада жатты. Беті бері қараған сарбаздың ата-анасы БАҚ өкілдерімен кездесіп, баласының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ербаян Мұхтардың анасы ұлына қойылған диагнозбен келіспейтінін айтты
Фото: freepik.com

«Ербаянды щетелге апаруға құжат жағы келмей тұр, себебі бұрынғы төлқұжатта фотодағы түрі басқа. Еуропада бірнеше клиниканы қарастырып жатырмыз, әрі кетсе екі аптаның ішінде шешіледі деп отырмыз. Қазір баланы жолға дайындап жатырмыз», - деді Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Камиева елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, сарбаздың анасы баласына қойылған диагнозбен келіспейтінін айтты.

«Қайрат Үмбетов қойған диагнозбен келіскім келмейді, әркім өз бетінше диагноз қоя бергені дұрыс емес. Гайморитпен ауырыпты, пневмония болыпты, ірің жиналыпты деген, мен онымен келіспеймін, баламның әскерге кеткенге дейін ешқандай ауруы болған жоқ, тек қана аллергиясы болды», - дейді ол.