Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды хабарлайды Paryz.kz.

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінде істейтін оқытушы дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген ақпарат тарады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растап отыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар жасалады.

«Күдікті тұтқындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған. Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан.