Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:33 Обновлять, 18.07.2024 13:57

«Өртеп жібермек болған»: Ақтауда әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Жантүршігерлік оқиға 16 сәуірге қараған түні Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде болған. Өрт бойынша шақыртуға барған ТЖД қызметкерлері өртке оранған пәтерден әйелдің денесін тапқан. Марқұмның көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады lada.kz желілік басылымы.

«Өртеп жібермек болған»: Ақтауда әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Lada.kz

Көршілерінің айтуынша, 1972 жылғы әйел 14 шағынаудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде тұрған. Оның өліміне күдікті ретінде азаматтық некедегі күйеуі ұсталған.

"Бәріміз таңғы сағат бестен он минут кеткенде далаға шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырған. Менің білуімше, полиция оны өлтірген адамды 9-қабатта ұстаған", - дейді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, қылмыскер әйелді өлтіріп, артынша пәтерге өрт қойған болуы мүмкін. Олардың бірі мерт болған әйелдің полицейлер түсіріп алған фотосуретін көріп қалғанын айтқан.

"Өрт сөндірушілер тез жетіп, өртті сөндірді. Мен полиция қызметкерлері түсірген фотосуретті кездейсоқ көрдім: ол жерде жалаңаш, бетін төмен қаратып, дәлізде жатыр екен. Қорқынышты. Өте қорқынышты", - дейді марқұмның көршісі.

Полиция департаменті осы жайтқа қатысты желілік басылымға түсініктеме берген. Онда күдікті ұсталғаны айтылған.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді полиция департаментінің өкілдері.