Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтаудағы иттердің өлекселерін өртеген видео наразылық тудырды

Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев облыс орталығының маңында иттердің өлекселері өртеліп жатқан видеоны жариялады. Оның пікірінше, олар - атылған жануарлар, - деп хабарлайды Paryz.kz Sn сайтына сілтеме жасап.

Ақтаудағы иттердің өлекселерін өртеген видео наразылық тудырды
Фото: видеодан скриншот

Жергілікті блогер мына көріністен соң жантүршігерлік сезім туғанын және бұл жағдайға халықтың жауапкершіліксіздігі де себеп екенін айтты.

"Еуропадағыдай, Түркиядағыдай немесе Дубайдағыдай емес деп шағымданғанды жақсы көреміз… Неге екенін айтайын, өйткені көпшілік айналамыздағы иттермен, мысықтармен, құстармен және т.б. бірге өмір сүре алмайды. Еуропада әр адам жануарды қолға үйретпес бұрын мың ойланып, толғанып, жауапкершілік алады.

Бізде жануарлардың өміріне маңызды нәрсе ретінде қарамайды. Ойыншықпен ойнап, лақтырып тастағандай. Содан кейін ол ойыншықты еріктілер көшеден тауып алып, зарарсыздандырады, қорғайды, ең жаман жағдайда итті атып тастап, қаланың шетінде өртеп жібереді… Шынымды айтсам, бұл көріністі көргеннен кейін бірден жантүршігерлік сезім пайда болды", - дейді ол.

Әлеуметтік желіде бұл жайт қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік мұны "қатігездік" деп мұндай шараға наразылық білдіруде.