Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:00 Обновлять, 18.07.2024 12:36

Ақтауда екпе салынған оқушылар ауруханадан бір-ақ шықты

Ақтаудағы мектептердің бірінде 2 оқушы А гепатитіне қарсы екпеден кейін ауырып, сынып жетекшісі жедел жәрдем шақырған. Балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Paryz.kz Lada сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда екпе салынған оқушылар ауруханадан бір-ақ шықты
фото: Halyq uni

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 23 ақпанда 11-шағын аудандағы мектептердің бірінде болған. Ведомство өкілдері оқушылар екпе салдырғаннан кейін ауырып қалғанын айтты.

Сағат 16:33-те 103 пультіне қоңырау түсті. Жедел жәрдем шақыруға екпеден кейін 2 оқушының денсаулығының нашарлағаны себеп болды. Сынып жетекшісі қоңырау шалды. Оқушыларға А гепатитіне қарсы екпе салған, - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Медициналық мекеменің мәліметінше, оқушылар тексеріліп, дәрігерлердің бақылауында болған.

Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Қазір олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді. Ұсыныстар берілді, - деп атап өтті ведомство.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облыстық прокуратурасы балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салыну дерегі анықталғанын хабарлаған еді.