Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

2024 жылы орташа зейнетақы қанша болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды paryz.kz. 

2024 жылы орташа зейнетақы қанша болады
Фото: NewTimes.kz

Светлана Жақыпова базалық зейнетақы өсетінін атап өтті. 

Базалық зейнетақы төлемі, керісінше, көбейтіліп жатыр. Мысалы, биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті 5%-ға арттырамыз, индекстеу 7%-ды құрайтын инфляция деңгейін ескеріп бекітіледі. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы, 9% индекстеу болады. Зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады, – деп түйіндеді министр.