Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Мұхтар Әбіләзов Қазақстанға қашан оралатыны белгілі болды

Жақында Франция соты экс-банкир Мұхтар Әбіләзовқа саяси баспана беруден бас тартты. Осыған байланысты "Қазақстан бұрынғы банкирді қайтара ма?" деген сұраққа Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап берді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Мұхтар Әбіләзов Қазақстанға қашан оралатыны белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әбіләзовке қатысты қудалау органдарымен 2 қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі, БТА банктің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі, Еркін Тәтішевтің өліміне байланысты,

— дейді Жандос Өмірәлиев.

Ол осы 2 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін тиісті экстрадиция бойынша Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттар жолданды деп айтты.

Әбіләзовтің елге қайтарылуы осы сұраныс хаттарының қаралу сатысына байланысты. Осы және басқа да қолданылып жатқан шаралар септігін тигізеді. Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда. Мұхтар Әбіләзовті экстрадициялау жұмысы тоқтатылмайды,

— деді Бас прокурордың орынбасары.