Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бүгін «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау басталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Бүгін «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды
фото: ашық дереккөзден

Бұл жолғы науқанның басты ерекшелігі бастапқы жарна талап етілмейді. 

Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.
Бағдарламаның өзге де шарттары:

  • Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге болады.

Еске салайық, «Ұмай» ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына несие алуға болады.   

«Ұмай» ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.