Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

«Ағылшынша сөйлемейтін жігітпен сөйлеспейді»: Баян Алагөзова қызының талабын ашып айтты

Баян Алагөзова қызы Айарудың болашақ жарына қоятын талаптарын айтты. Продюсер бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп жазады paryz.kz.

«Ағылшынша сөйлемейтін жігітпен сөйлеспейді»: Баян Алагөзова қызының талабын ашып айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, Айару ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлеспейді. Бұл – қызының болашақ жарынан күтетін ең төменгі талабы.

«Айару ағылшынша сөйлемейтін жігітпен сөйлеспейді. Бұл оның ең төменгі талабы. Ал ең жоғарғы талабы – ол Толстой, Достоевский шығармаларын оқып шығуы керек. Айару өте білімді қыз. Бұл оның ең төменгі талабы. Ол гольф ойнай алуы керек, шаңғы тебе алуы керек. Ол өзі не білсе, жігіт те соны білуі керек», – деді Баян Алагөзова.

Продюсердің сөзінше, қызының талғамы мен білім деңгейіне сай болуы болашақ жары үшін маңызды.