Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының хатын оқып берді

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне жазған хатын оқырмандарына оқып берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының хатын оқып берді
Фото: әлеуметтік желіден

Ол бұл хатты кейін архивке салуы мүмкін екенін айтып, жазбаның ұлына қатысты екенін жеткізді.

«Айып етпеңіздер… Кейінірек архивке салармын. Көп сөзге, артық іске жоқ ұлдарымның мектеп бітіргенде жазғаны. Бұл – Сағадаттыкі. Бірінші бөлім. Сардардың хатын салуды әлі ойланудамын. Рас, екеуі де әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді. Қазір өздерінше маған қорған, қамқор. Құдайдан бір ғана нәрсені тілеймін, тіл-көзден аман, дендері сау болсын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Осылайша ол ұлдарының мектеп бітірген кездегі жүрекжарды жазбаларын оқырмандарымен бөлісті.