Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Белгілі журналист Жоламан Бошалақ өмірден өтті

Белгілі журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жоламан Бошалақ өмірден өтті, деп хабарлайды paryz.kz.

Белгілі журналист Жоламан Бошалақ өмірден өтті
Фото: Маңғыстау облыстық ҚКО

Жоламан Бошалақ 1943 жылы Атырау облысы Ембі ауданының Тұрғызба ауылында дүниеге келген. Оның ғұмыры мен шығармашылық жолының басым бөлігі Маңғыстау облысымен тығыз байланысты болды. Ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп, өңірлік телевидение мен мерзімді баспасөздің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Әр жылдары Жоламан Бошалақ Маңғыстау облыстық телерадио компаниясында, «Коммунистік жол» және «Маңғыстау» газеттерінде қызмет етті.

Сондай-ақ бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болды. Өз материалдарында өңірдің тыныс-тіршілігін кеңінен қамтып, Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін оқырманға жеткізді.