Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қостанай маңында тіркеме өртенді: құтқарушылар 400 газ баллонын алып шықты

Қостанай маңындағы облыстық маңызы бар автожолда жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, құтқарушылар одан жүздеген газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды paryz.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қостанай маңында тіркеме өртенді: құтқарушылар 400 газ баллонын алып шықты
Фото: видиодан скриншот

Өрт Қостанай – Введенка тасжолында, «Текстильщик-1» бау-бақша қоғамы маңында болған. Жүк көлігі тіркемесінің жеті шаршы метр аумағын өрт шарпыған.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, қауіпті аймақтан әрқайсысының көлемі 27 литр болатын 400 бос газ баллонын алып шықты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ