Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Түркістанда ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірді

Түркістан қаласында ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірді. Бұл туралы журналист Айка Айтаханова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Түркістанда ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірді
Polisia.kz

Журналистің мәліметінше, ерлі-зайыпты Қызылордадан Түркістанға  анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін әкесі мен ұлының арасында жанжал шыққан.

Жанжал барысында ер адам ұлы мен келінінің өмірін қиған. Оқиғадан кейін күдікті полицияға өзі хабарласып, болған жағдайды айтқан.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.