Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды

Астанада құрылыс алаңында кран құлады, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды
Фото: sputnik.kz

Оқыс оқиғадан кран жүргізушісі қаза болған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиғаны растады. Ер адам алған жарақатынан қаза болды", - дейді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінде. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді қалалық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.