Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

ШҚО-да түрмеден қашып кеткен ер адам басқа өңірде ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында түрмеден қашып кеткен сотталған азамат басқа өңірде қолға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО-да түрмеден қашып кеткен ер адам басқа өңірде ұсталды
ПД

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сүйенсек, алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген ер адам түзету мекемесі аумағынан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, таңертең жұмысқа кеткеннен кейін қайтып оралмаған.

Сотталған азаматтың № 24 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен қашқаны анықталған сәттен бастап ҚАЖ департаментінің қызметкерлері іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, бес сағат ішінде ер адамның қалай қарай кеткенін анықтады.

Олар Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, сотталған азаматты басқа өңірде ұстады.

 — Қызметкерлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында қозғалыс бағыты анықталып, сотталған азамат ұсталды. Қазіргі уақытта жазасын өтеуден жалтару дерегі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.